Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық жас теннисші Дамир Жалғасбай 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионатында жұптық сында жартылай финалға шықты.

Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды ашық дереккөзден

Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы екінші ракеткасы Дамир Жалғасбай US Open турнирінде америкалық Сафир Азаммен бірге өнер көрсетіп жатыр. Олар ширек финалда пуэрторикалық Янник Альварес пен америкалық Райан Козадқа қарсы кортқа шықты.

Тартысты өткен кездесу чемпиондық тай-брейкке дейін жалғасты. Нәтижесінде Жалғасбай мен Азам қарсыластарын 6:3, 6:7 (14:16), 10:6 есебімен жеңіп, жарыстың үздік төрттігіне енді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 22 минут өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп бес эйс жасап, төрт рет қосарланған қателікке жол берді. Сонымен қатар алты брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Осылайша Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы АҚШ ашық чемпионатында жүлдеге бір қадам қалды.

Жартылай финалда Жалғасбай мен Азам Танишка Кондури мен Марсель Латактан құралған америкалық жұп және бразилиялық Гуто Мигель мен словениялық Зига Шешко жұбы арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Қазақстандық теннисші үшін бұл - US Open-2026 турниріндегі маңызды жетістіктердің бірі. Енді Жалғасбай финалға жолдама алып, жасөспірімдер арасындағы беделді жарыста чемпиондық атақ үшін таласуға мүмкіндік алады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу