Ресейдің төрт клубы 2027/28 жылғы еурокубоктарға қатысуы мүмкін
УЕФА тарапынан командаларға салынған шектеу алынған жағдайда ғана клубтар ерокубок ойындарына қатыса алады.
ашық дереккөзден
Ресейдің төрт футбол клубы 2027/28 жылғы маусымда еурокубоктық турнирлерге қатыса алады. Алайда бұл үшін УЕФА тарапынан ресейлік командаларға салынған шектеу алынуы қажет.
УЕФА 2027/28 жылғы маусымда клубтардың еурокубоктарға қатысу тәртібіне қатысты алдын ала квоталарды жариялады.
Егер Ресей клубтарына халықаралық жарыстарға қайта оралуға рұқсат берілсе, Ресей чемпионатының жеңімпазы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастап жарыс жолына шығады.
Ресей Кубогінің жеңімпазы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Ал РПЛ-да екінші және үшінші орын алған командалар Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Мұндай шешім Ресейдің УЕФА клубтық коэффициенттер рейтингіндегі қазіргі жағдайына байланысты. 2027/28 жылғы маусымға қатысушыларды анықтау кезінде есепке алынатын бес жылдық кезеңнің қорытындысы бойынша Ресей 22,632 коэффициентімен 28-орынға орналасты.
Айта кетейік, Ресей құрамалары мен клубтары 2022 жылғы 28 ақпаннан бері УЕФА мен Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) аясындағы халықаралық жарыстардан шеттетілген. Шектеу Украина аумағындағы әскери қақтығысқа байланысты енгізілген.
УЕФА бұл квоталардың әзірге алдын ала екенін атап өтті. Еурокубоктарға қатысуға қатысты түпкілікті шешім ағымдағы маусым аяқталғанға дейін нақты белгілі болады.