«Ордабасы» өз алаңында «Астананы» жеңді

Бүгінгі ойынның басты қаһарманы - Жасұлан Әмір.

«Ордабасы» өз алаңында «Астананы» жеңді ашық дереккөзден

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында «Астананы» жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Шымкентте өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 78-минутта Жасұлан Әмір соқты.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 58 ұпай жинап, көш бастады. 57 ұпайы бар «Қайрат» екінші орында тұр. 

«Астана» 57 ұпаймен үшінші орында қалды.

Келесі турда, 17 қыркүйек күні «Астана» өз алаңында «Қайратпен» кездессе, «Ордабасы» сырт алаңда «Атырауға» қарсы ойнайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу