Елена Рыбакина алғаш рет US Open чемпионы атанды

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастады.

Елена Рыбакина алғаш рет US Open чемпионы атанды usopen

Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші Нью-Йоркте өткен US Open финалында белоруссиялық Арина Соболенконы тізе бүктірді. 

Финалдық кездесуде теннисшілер арасында тартысты бәсеке өрбіді. Рыбакина бірінші партияда 6:4 есебімен басым түссе, Соболенко екінші сетте 7:5 есебімен таразы басын теңестірді. Шешуші үшінші партияда қазақстандық спортшы 6:2 есебімен жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанды.

Кездесу 2 сағат 23 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 12 эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді. Қазақстандық теннисші 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінде жекелей сында чемпион атанды. Қазақстандық теннисші алғашқы ірі титулын 2022 жылы Уимблдонда жеңіп алған болатын. Ал 2026 жылдың басында Рыбакина Australian Open турнирінде топ жарды.

Нью-Йорктегі тарихи жеңіспен қатар Рыбакина тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. US Open қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу