Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Елена Рыбакина - US Open чемпионы.
ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандасымыз Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы қазақстандық теннисшінің Нью-Йорктегі «Үлкен дулыға» турнирінде топ жаруын жоғары бағалап, оның әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екенін атап өтті.
«Бұл - Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», - делінген құттықтауда.
Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина АҚШ Ашық чемпионатының финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет Нью-Йорктегі «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды.