Елена Рыбакина Қазақстанға келетінін мәлімдеді

Елена Рыбакина - үш дүркін Үлкен Дулыға турнирінің чемпионы.

Елена Рыбакина Қазақстанға келетінін мәлімдеді Getty Images

Елена Рыбакина US Open финалынан кейін өткен баспасөз жиынында Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Ол АҚШ Ашық чемпионатындағы тарихи жеңісін елде атап өту үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ жанкүйерлерінің қолдауына алғыс айтып, Қазақстанға нақты қашан келетіні әзірге белгісіз екенін жеткізді.

«Қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін көп рақмет. Мен әлі Қазақстанда емеспін. Бірақ елге баруды жоспарлап отырмын. Бұл жеңісті мені қолдайтын, матчтарымды көріп, жанкүйерлік ететін Қазақстандағы барлық адамдармен бірге атап өткім келеді.

Әсіресе балалармен бөліскім келеді. Қазақстанда тенниспен айналысатын балалар көп және бұл өте керемет деп ойлаймын», - деді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенкодан 6:4, 5:7, 6:2 есебімен айласын асырып, мансабында алғаш рет АҚШ Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу