Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Grand Prix турнирінде алтыннан алқа тақты

Ақмарал Ерекешева халықаралық жарыста 4 бірдей жеңіп алды.

Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Grand Prix турнирінде алтыннан алқа тақты ашық дереккөзден

Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өтіп жатқан Grand Prix BRNO халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

Турнирдің шешуші күнінде жеке жаттығулар бойынша үздік тоғыз спортшы финалда бақ сынады. Ақмарал Ерекешева іріктеу кезеңіндегі сәтті өнерінің арқасында төрт жаттығудың барлығында финалға жолдама алған.

Ерекешева төрт финалдың қорытындысы бойынша бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды.

Шығыршықпен орындалған жаттығуда Ақмарал Ерекешева 29.150 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орын украиналық Полина Карикаға (29.100), үшінші орын өзбекстандық Лола Джураеваға (27.950) бұйырды.

Доппен орындалған жаттығуда отандасымыз 28.000 ұпаймен күміс медаль иеленді. Бұл сында Таисия Онофрийчук (Украина) 28.450 ұпаймен жеңіске жетсе, Полина Карика 27.350 ұпаймен үшінші орын алды.

Ұршықпен орындалған жаттығуда да Ақмарал Ерекешева жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол 29.050 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Алтын медаль 29.450 ұпай еншілеген Таисия Онофрийчукке бұйырды. Лола Джураева 27.600 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Таспа бойынша финалда қазақстандық спортшы 27.600 ұпай жинап, тағы бір күміс медаль жеңіп алды. Бұл жаттығуда Лилиана Левинска (Польша) 27.700 ұпаймен бірінші орын алса, Лола Джураева 27.300 ұпаймен үшінші болды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу