XDS Astana Team «Испания Вуэльтасын» үздік нәтижемен аяқтады

«Испания Вуэльтасы» көпкүндігі мәресіне жетті.

XDS Astana Team «Испания Вуэльтасын» үздік нәтижемен аяқтады XDS Astana Team

Қазақстандық XDS Astana Team велокомандасы «Испания Вуэльтасында» жоғары нәтижеге қол жеткізді қорытындылады. Команда үш апта бойы жарыста белсенді өнер көрсетіп, бірнеше маңызды жетістікке қол жеткізді.

XDS Astana Team сапында екі велошабандоз жалпы есепте үздік ондыққа енді. Кристиан Родригес тоғызыншы орын алса, Харольд Техада оныншы сатыға тұрақтады. Осылайша команда 2022 жылдан бері алғаш рет «Испания Вуэльтасының» жалпы есебінде команданың екі спортшысы үздік ондыққа енді.

Жарыс барысында команда кезеңде жүлдеге қол жеткізді. Кристиан Родригес 14-кезеңде үшінші орын алса, Алессандро Ромеле 15-кезеңде мәреге екінші болып жетті.

Команданың бас менеджері Александр Винокуров та бұл нәтижені жоғары бағалады.

«Бірден екі спортшымыз жалпы есепте үздік ондыққа енді. Кристиан Родригес пен Алессандро Ромеле кезеңдерде жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе Алессандро Ромелені атап өткім келеді. Ол үшін бұл дебюттік «Вуэльта» болды. Бүгінгі финалдық кезеңде де екінші орын алды. Ромеле үлкен тәжірибе жинады. Ал жеңістер әлі алда», - деді Александр Винокуров.

Осылайша XDS Astana Team «Испания Вуэльтасын» жалпы есепте екі үздік ондық нәтижемен және үш жүлдемен аяқтады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу