Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады
Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.
nbf kz
Қазақстанның ерлер баскетбол құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы жарысын топтық кезеңнен кейін аяқтады.
С тобындағы соңғы матчта қазақстандық баскетболшылар Бахрейн құрамасымен кездесті. Ойын барысында Қазақстан құрамасы 78:101 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңдегі үш кездесудің барлығында жеңіліс тапты. Алғашқы матчта Қазақстан Қытайдан 61:99 есебімен ұтылса, екінші ойында Филиппин құрамасына 78:109 есебімен жол берді.
Нәтижесінде Қазақстан С тобында төртінші орын алды. Азия ойындарының баскетбол турнирінің ширек финалына әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған командалардың арасынан нәтижесі жоғары екі құрама жолдама алады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы баскетбол турнирін топтық кезеңнен кейін аяқтады.
Айта кетейік, баскетбол жарыстары турнирдің ашылу салтанатынан бұрын басталды.