Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды

WTA Finals - әйелдер теннисіндегі маусымның ең басты жарыстарының бірі.

Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысу құқығына ие болды. Осылайша Рыбакина маусым қорытындысы бойынша WTA Finals турниріне жолдама алған алғашқы теннисші атанды. Қазақстандық спортшы үшін бұл маусым аса сәтті өтіп жатыр. 2026 жылы ол Australian Open және US Open турнирлерінде жеңіске жетіп, алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

WTA Finals-2026 турнирі 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы Indian Wells Tennis Garden кешенінде өтеді. Жарысқа маусым қорытындысы бойынша жекелей сында үздік нәтиже көрсеткен сегіз теннисші және жұптық сындағы сегіз үздік дуэт қатысады.

Алдағы қорытынды турнир Рыбакина үшін қатарынан төртінші WTA Finals болады. Қазақстандық теннисші алғаш рет бұл бәсекеге 2023 жылы қатысты. Ал былтырғы маусымда ол турнирдің бас жүлдесін жеңіп алып, жарысты бірде-бір жеңіліссіз аяқтаған.

Енді Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте WTA Finals чемпионы атағын қорғайды. Егер қазақстандық теннисші биыл да жеңіске жетсе, ол Серена Уильямстан кейін қорытынды турнирді қатарынан екі жыл жеңген алғашқы теннисші атануы мүмкін.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу