Мейірім Нұрсұлтановтың әлем чемпионы атағына жол ашатын жекпе-жегі ресми жарияланды
Бұл жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеспен кездесуге мүмкіндік алады.
ашық дереккөзден
Бүгін WBC ұйымы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен америкалық Хесус Рамос кіші арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады.
Қазақстандық боксшы WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Жекпе-жек 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтеді.
Мейірім Нұрсұлтанов кәсіби мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 11 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал Хесус Рамос кіші 24 жеңіс және бір жеңіліс көрсеткішіне ие. Америкалық боксшы 19 жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу