Қазақстан бокс құрамасы Азия ойындарына қызу дайындық үстінде

Азия ойындарында 11 қазақстандық боксшы сынға түседі.

Қазақстан бокс құрамасы Азия ойындарына қызу дайындық үстінде ашық дереккөзден

Қазақстанның ерлер және әйелдер бокс құрамасы Жапонияның Нишио қаласында ХХ жазғы Азия ойындарына дайындық үстінде. 

Тынық мұхиты жағалауындағы Нишио қаласында ұйымдастырылған халықаралық оқу-жаттығу жиынына бірнеше елдің боксшылары қатысып жатыр. Қазақстандық спортшылар жарыс алдындағы дайындық кезеңінде бірлескен жаттығулар өткізіп, Азия ойындарына соңғы дайындықтарын пысықтауда.

Жапониядағы Азия ойындарының бокс бәсекелері 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы ерлер арасында алты, әйелдер арасында бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Ерлер құрамасынан 55 келіде Махмұд Сабырхан, 60 келіде Оразбек Асылқұлов, 70 келіде Төрехан Сабырхан, 80 келіде Сабыржан Аққалықов, 90 келіде Нұрбек Оралбай және +90 келіде Айбек Оралбай сынға түседі. 

Әйелдер құрамында 51 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбікеева және 75 келіде Наталья Богданова бақ сынайды.

Қазақстандық боксшылар үшін Нишиодағы оқу-жаттығу жиыны Азия ойындары алдындағы маңызды дайындық кезеңі саналады. Құрама өкілдері жарыс басталғанға дейін физикалық және тактикалық дайындығын жетілдіреді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу