2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді
Бұл Қазақстан футболы тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.
ашық дереккөзден
УЕФА Атқарушы комитеті 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орынды анықтады. Беделді матч Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады.
Суперкубокта УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. Осылайша, Қазақстан тарихында алғаш рет Еуропа футболындағы осындай деңгейдегі ресми матч ел аумағында өтеді.
Астананы таңдау Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және УЕФА-мен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмысының нәтижесі болды.
2028 жылғы УЕФА Суперкубогының нақты өтетін күні кейінірек жарияланады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу