Астанада WTT Star Contender Astana 2026 халықаралық турнирі басталды
Турнирдің жүлде қоры - 300 мың АҚШ доллары.
ашық дереккөзден
Астанада үстел теннисінен WTT Star Contender Astana 2026 - President’s Cup халықаралық турнирі басталды. Бұл деңгейдегі жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Турнир 15-20 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бәсекеге әлемнің 29 елінен 160 спортшы қатысып, жүлде қоры 300 мың АҚШ долларын құрайды.
Жарысқа әлемнің үздік үстел теннисі шеберлері, соның ішінде Ван Иди, Алексис Лебрен, Данг Цю, Дмитрий Овчаров, Дарко Йоргич, Миу Хирано және Сацуки Одо қатысуда.
Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, жастар арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиев, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадырова және басқа да отандық спортшылар қорғайды.
Турнир ерлер және әйелдер арасындағы жекелей, жұптық, сондай-ақ аралас жұптық санаттар бойынша өтеді. WTT Star Contender Astana 2026 - President’s Cup World Table Tennis ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген.