«Қайрат U-19» УЕФА Жастар лигасын ірі жеңіспен бастады

Алматылықтар келесі кезеңде венгриялық командамен кездеседі.

«Қайрат U-19» УЕФА Жастар лигасын ірі жеңіспен бастады ашық дереккөзден

«Қайрат» УЕФА Жастар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы матчын ірі жеңіспен бастады.

Қазақстандық клуб алғашқы ойынын Черногорияда өткізіп, «Младость Донья-Горица» командасын 5:0 есебімен жеңді.

Кездесудің бірінші таймында «Қайрат» футболшылары небәрі сегіз минуттың ішінде үш гол соқты. 35-минутта Роман Черноморец есеп ашса, 41-минутта Әкежан Каликулов мергендік танытты. Арада екі минут өткенде Ермұхаммад Керімхан үшінші голды соқты.

Екінші таймда да «Қайрат» шабуылды жалғастырды. 72-минутта Абылай Жылқайдар есепті 4:0-ге жеткізсе, матчтың негізгі уақытына қосылған минуттарда Санат Нұрболат бесінші голды соқты.

Осылайша, «Қайрат U-19» сырт алаңда 5:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге шығуға үлкен қадам жасады.

Қарымта кездесу 14 қазанда Алматыда өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз екінші раундта венгриялық «МТК Будапешт» командасымен кездеседі.

«Младость Донья-Горица U-19» – «Қайрат U-19» - 0:5

Голдар: Роман Черноморец, 35; Әкежан Каликулов, 41; Ермұхаммад Керімхан, 43; Абылай Жылқайдар, 72; Санат Нұрболат, 90+1.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу