Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жекте қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Жекпе-жектің нақты қай күні, қай қалада өтетіні әзірге белгісіз.
ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Ұлыбритания өкілі Хамза Шираз арасындағы чемпиондық жекпе-жектің сыйақы мөлшері белгілі болды.
WBO мәліметінше, аталған жекпе-жекті өткізу құқығына арналған саудада Queensberry Promotions компаниясы жеңіске жетті. Промоутерлік ұйым 1 001 809 АҚШ долларын ұсынған.
Ширазға 751 356 доллар, ал Жәнібек Әлімханұлына 250 452 доллар тиесілі болады.
Боксшылардың командалары Шираздың мүддесін қорғайтын Queensberry Promotions және Әлімханұлымен жұмыс істейтін Top Rank 10 қыркүйекке дейін жекпе-жекті өткізу жөнінде келіссөз жүргізген. Алайда тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған.
WBO ережесіне сәйкес, саудада жеңіске жеткен тарап жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына ие болады. Егер кездесу Ұлыбританияда немесе бейтарап аумақта өтсе, гонорар 75:25 арақатынасында Шираздың пайдасына бөлінеді.