Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды
Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы финалдық жарыс 20 қыркүйекте өтеді.
ашық дереккөзден
Айти-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финалдық жарыс өтті.
Жарыстың екінші күнінде спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run кезеңдерінде бақ сынады.
Қазақстан құрамасының үш спортшысы да финалға жолдама алды. Аяна Қазбекова 1363 ұпай жинап, өз тобында бесінші орын иеленді. Диана Щедрова 1356 ұпаймен бесінші нәтиже көрсетті.
Ал Юлиана Петрова 1345 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады. Осы нәтижелердің арқасында отандастарымыз әйелдер арасындағы шешуші кезеңге өтті.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу