Қазақстан U-19 құрамасы Словакиядағы халықаралық турнирге қатысады
Тимур Қасымов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жарыс барысында үш кездесу өткізеді.
ашық дереккөзден
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словакияда өтетін Youth Nations Cup халықаралық турниріне қатысады.
Отандастарымыз алғашқы матчта 25 қыркүйекте турнир қожайындары Словакия құрамасына қарсы алаңға шығады. Екінші кездесуде, 28 қыркүйек күні, Қазақстан командасы Швейцариямен күш сынасады.
Ал турнирдегі қорытынды матч 1 қазанға жоспарланған. Бұл ойында қазақстандық футболшылар Польша құрамасымен кездеседі.
Осылайша, Youth Nations Cup турнирі Қазақстан U-19 құрамасы үшін халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинап, алдағы жарыстарға дайындықты пысықтауға мүмкіндік береді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу