«Астана» өз алаңында «Қайратты» жеңді

«Қайрат» ойынның басым бөлігін 10 ойыншымен өткізді.

«Астана» өз алаңында «Қайратты» жеңді ашық дереккөзден

«Астана» футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 27-турында өз алаңында «Қайратты» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

11-минутта «Қайрат» ойыншысы Әділет Садыбеков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша, «Астана» матчтың негізгі бөлігін сан басымдығымен өткізді. Кездесудегі жалғыз гол 14-минутта соғылды. Гол авторы - Рамазан Каримов.

Кездесудің қалған уақытында есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде елордалық клуб маңызды үш ұпайға ие болды.

27-турдан кейін «Қайрат» 57 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысында келеді. «Астана» 48 ұпаймен үшінші орында тұр.

Қазақстан Премьер-лигасының келесі турында «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» қабылдайды. Ал «Астана» сырт алаңда «Тобылмен» кездеседі. Екі матч та 10 қазанда өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу