Берн Йонсеннің хет-тригі «Ордабасыға» үш ұпай сыйлады

«Ордабасы» турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады.

Берн Йонсеннің хет-тригі «Ордабасыға» үш ұпай сыйлады ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасының 27-турында «Ордабасы» өз алаңында «Атырауды» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Түркістанда өткен кездесудің басты қаһарманы Берн Йонсен болды. Шымкенттік клубтың шабуылшысы хет-трик жасап, 20, 54 және 90+2-минуттарда мергендік танытты.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 61 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты. Шымкенттік команда екінші орында тұрған «Қайраттан» төрт ұпайға ұзап кетті. Ал «Атырау» 23 ұпаймен 13-орында орналасқан.

Келесі турда «Атырау» 10 қазанда сырт алаңда «Жеңіспен» кездеседі. Ал «Ордабасы» 11 қазанда қонақта «Қайсармен» ойнайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу