Елена Рыбакина ұлттық құрамаға көмектесе алмайды
Елена Рыбакина жарақатына байланысты ұлттық құрама сапында өнер көрсете алмайды.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатындағы тарихи жеңісінен кейін елге келеді. Бір апталық сапар барысында Рыбакина Астана мен Алматы қалаларында жас теннисшілерге арналған шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ жанкүйерлермен кездесуі жоспарланған.
Сонымен қатар спортшы Қазақстанда медициналық тексеруден өтеді. Рыбакина Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 турнирі кезінде жарақат алған болатын. Осыған байланысты ол жарыстың ширек финалындағы кездесуден бас тартқан. Жарақат АҚШ ашық чемпионаты кезінде де қазақстандық теннисшіні алаңдатқан. Соған қарамастан Рыбакина турнирді соңына дейін жеткізіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.
Бапкерлер штабының мәліметінше, спортшыға емделіп, толық қалпына келу үшін кемінде екі апта қажет. Осыған байланысты Елена Рыбакина Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыса алмайды.
Рыбакина биыл Аустралия ашық чемпионатында жеңіске жетіп, кейін АҚШ ашық чемпионатында да топ жарды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанған. АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісі Рыбакинаға Үлкен дулыға турнирлеріндегі үшінші титулын сыйлады.
Сонымен қатар US Open-дегі жеңісінен кейін Елена Рыбакина әлемдік WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Бұл Қазақстан теннисі тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі.