Азия ойындары: Қазақстандық бессайысшылар финалға шықты
Қазақстандық төрт спортшы Азия ойындарының жүлдесі үшін бақ сынайды.
ҚР ҰОК
Айти-Нагоядағы ХХ Азия ойындары аясында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал аяқталып, Қазақстанның төрт спортшысы да финалға жолдама алды.
Жартылай финалдың А тобында Тихон Варехин барлық сынның қорытындысы бойынша 1520 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.
В тобында Лев Чувашов 6-орын, ал Кирилл Стадник 8-орын алды. Осылайша, Қазақстан құрамасының төрт өкілі де жарыстың шешуші кезеңіне өтті.
Айта кетейік, командалық есепте үш спортшының нәтижесі ескерілетіндіктен, Қазақстан финалға кемінде үш спортшысын өткізген Қытай және Оңтүстік Кореямен бірге үштікке енді.
Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы финал 20 қыркүйекте өтеді.