Александр Шевченко Қазақстан құрамасын Таиландқа қарсы матчта алға шығарды

Астанада Дэвис кубогы аясында Қазақстан мен Таиланд құрамалары өзара мықтыны анықтауда.

Александр Шевченко Қазақстан құрамасын Таиландқа қарсы матчта алға шығарды ашық дереккөзден

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының Әлемдік II тобы аясында Таиландқа қарсы кездесуді жеңіспен бастады.

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасының өкілі, ATP рейтингінде 93-орында тұрған Александр Шевченко Таиланд теннисшісі Максимус Джонсонмен (№463) кездесті. Үш сетке созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші 6:4, 1:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу екі сағат үш минутқа созылды.

Енді бүгінгі келесі матчта Қазақстан құрамасынан Тимофей Скатов Таиланд өкілі Касидит Самреджбен кездеседі.

Командалар арасындағы бәсеке 19 қыркүйек, сенбі күні жалғасады. Алдымен жұптық сында Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Таиланд құрамасының өкілдері - Танапет Чанта және Пручи Исаро жұбына қарсы ойнайды.

Одан кейін Александр Шевченко - Касидит Самредж және Тимофей Скатов - Максимус Джонсон кездесулері өтеді.

Айта кетейік, жеңіске жету үшін командалар арасында өткен бес матч нәтижесі есепке алынады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу