Көк туымыз Сары құрлықта желбіреді

Жапонияда Азия Ойындарына қатысушы елдердің тулары көтерілді.

Көк туымыз Сары құрлықта желбіреді ашық дереккөзден

Жапонияда ХХ жазғы Азия Ойындарына қатысушы елдердің ұлттық делегацияларын қарсы алуға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік туларды көтеру рәсімінің үшінші күнінде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Шри-Ланка, Ливан, Таиланд және Филиппин делегациялары қатысты. Шара барысында елдердің тулары көтеріліп, ұлттық әнұрандары орындалды. Сондай-ақ делегациялар естелік сыйлықтармен алмасты.

Айта кетейік, Азия Ойындарында Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы өнер көрсетіп, спорттың 35 түрінен жүлдеге таласады.

ХХ жазғы Азия Ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу