Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогіне неге қатыспайтынын түсіндірді

Елена Рыбакинаға қайта бабына келу үшін екі аптадай уақыт қажет.

Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогіне неге қатыспайтынын түсіндірді ашық дереккөзден

Елена Рыбакина биыл Билли Джин Кинг кубогінде ұлттық құрама сапында өнер көрсетпейтінін мәлімдеді. Теннисші бұл туралы Instagram желісінде жазды.

Рыбакина Шэньчжэньде өтетін турнирге қатыса алмайтынына өкініш білдірді. Оның айтуынша, соңғы бір айда ағзасына түсетін салмақ ауыр болған. Сондықтан спортшыға толық қалпына келіп, жарыстарға қайта оралу үшін оңтайлы физикалық бабына келуі қажет.

«Баршаңызға сәлем! Биыл Билли Джин Кинг кубогіне қатыса алмаймын. Шэньчжэньдегі турнирді өткізіп алатыным өте өкінішті. Бұл тамаша жанкүйерлері бар керемет жер. Соңғы бір ай ағзам үшін ауыр болды. Сондықтан толық қалпыма келіп, жарыстарға қайта оралу үшін бабымда болуым қажет. Қыздарға сәттілік тілеймін! Алға, Қазақстан!», - деп жазды Елена Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасында. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы Шэньчжэньдегі маңызды додада Рыбакинаның көмегінсіз өнер көрсетеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу