Қазақстан құрамасы Таиландқа қарсы матчта екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан - Таиланд арасындағы кездесу 18-19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы Таиландқа қарсы матчта екінші жеңісіне қол жеткізді ашық дереккөзден

Астанада теннистен Дэвис кубогының Әлемдік екінші тобы аясында Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасында кездесу өтті. Бірінші ойын күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2:0 есебімен алда келеді.

Жекелей сында екінші кездесуде Тимофей Скатов Касидит Самрейді 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 48 минутқа созылды. Скатов бес эйс жасап, екі брейк-пойнтты да пайдаланды.

Бұған дейін Александр Шевченко Максимус Парапола Джонсты 6:4, 1:6, 7:5 есебімен ұтқан болатын.

19 қыркүйекте ойын бағдарламасы жұптық кездесумен жалғасады. Онда Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев Танапет Чанта және Пручья Исаро жұбымен кездеседі. Қажет болған жағдайда тағы екі жекелей матч өтеді.

Матчтық кездесуде жеңіске жеткен құрама Дэвис кубогының Әлемдік бірінші тобына жолдама алады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу