«Барыс» «Металлургке» есе жіберді

Елордалық хоккей командасы қатарынан екінші матчта жеңіліс тапты.

«Барыс» «Металлургке» есе жіберді ашық дереккөзден

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы екінші сырт алаңдағы кездесуін «Металлургке» қарсы өткізді. Астаналық клуб бұл матчта 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесудің алғашқы кезеңінде «Металлург» үш шайба соқты. 3-минутта Макар Хабаров есеп ашса, араға 16 секунд салып Егор Коробкин есепті еселеді. Ал Никита Михайлис алаң иелерінің үшінші шайбасын соқты.

Осыдан кейін «Барыстың» қақпасын Андрей Шутов қорғады. Екінші кезеңде астаналықтар есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алғанымен, бірнеше қауіпті сәтті пайдалана алмады.

Соңғы кезеңде «Барыс» белсенді ойнап, бірнеше рет сан басымдығын пайдалануға мүмкіндік алды. Алайда астаналықтар «Металлург» қақпашысы Александр Смолиннің қорғанысын бұза алмады.

Осылайша, «Барыс» маусымдағы екінші сырт алаңдағы кездесуінде жеңіліс тапты.

Астаналық команда келесі матчын 20 қыркүйекте Ярославльде «Локомотивке» қарсы өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу