Футбол мен ұлттық мәдениет тоғысты: Қазақстан құрамасы халықаралық матчтарға ұлттық нақыштағы киіммен шығады

Қазақстан құрамасының сырт алаңдағы киіміне дәстүрлі қазақы элементтер енеді.

Футбол мен ұлттық мәдениет тоғысты: Қазақстан құрамасы халықаралық матчтарға ұлттық нақыштағы киіммен шығады ашық дереккөзден

Қазақстан футбол федерациясы мен отандық киім бренді ARGYMAQ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Келісім аясында Қазақстан ұлттық құрамасының халықаралық сырт алаңдағы матчтары кезінде ресми киім үлгісіне дәстүрлі қазақы шапан элементтерін енгізу жоспарланып отыр.

Серіктестік ұлттық мәдениет пен құндылықтарды дәріптеуге, қазақтың заманауи ұлттық киімін кеңінен танытуға бағытталған.

Сонымен қатар тараптар жастар, футбол академияларының тәрбиеленушілері мен жанкүйерлер арасында ұлттық мәдениетті насихаттайтын бірлескен имидждік және медиа жобаларды жүзеге асырады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу