Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Шешуші матчта Тимофей Скатов жеңіске жетті.
ашық дереккөзден
Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясындағы матчта Таиланд құрамасын жеңді. Кездесу 18-19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтті.
Бірінші ойын күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. Жекелей сында Александр Шевченко мен Тимофей Скатов қарсыластарынан басым түсті.
Алайда екінші ойын күнінде Таиланд құрамасы қатарынан екі жеңіске жетіп, есепті 2:2-ге жеткізді. Осылайша жеңімпазды анықтайтын шешуші кездесу Тимофей Скатов пен Максимус Парапол Джонс арасында өтті.
Шешуші матчта Тимофей Скатов жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына үшінші әрі жеңісті ұпайды сыйлады.
Осылайша Қазақстан құрамасы Таиландты жалпы есепте 3:2 есебімен жеңіп, Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алды.