Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында төртінші жеңісіне қол жеткізді
Биыл шахмат Олимпиадасына 398 команда қатысып жатыр.
KazChess
Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Төрт турдан кейін қазақстандықтар сегіз командалық ұпай жинады.
Қазақстан құрамасы турнирді Ботсвана командасын 4:0 есебімен жеңуден бастады. Екінші турда Босния және Герцеговинаны 3:1 есебімен ұтса, үшінші турда Словениядан 3,5:0,5 есебімен басым түсті.
Төртінші турда қазақстандық шахматшылар Армения құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Бибісара Асаубаева Лилит Мкртчянды, Елназ Қалиахмет Сусанна Габоянды ұтты. Алуа Нұрман мен Меруерт Камалиденова өз партияларын тең аяқтады.
Ал ерлер құрамасы төрт турдан кейін алты командалық ұпайға ие болды. Қазақстандықтар Гаити мен Нигерияны жеңіп, Франциядан жеңілді. Төртінші турда Жапонияны 3,5:0,5 есебімен тізе бүктірді.
46-шы шахмат Олимпиадасы 15-27 қыркүйек аралығында Самарқандта өтуде. Бесінші турда Қазақстанның әйелдер құрамасы Германиямен, ерлер құрамасы Эстониямен кездеседі.