Софья Берульцева - Азия ойындарының чемпионы

Берульцева бұған дейін де Азия ойындарында топ жарған болатын.

Софья Берульцева - Азия ойындарының чемпионы ашық дереккөзден

Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Берульцева бұған дейін де Азия ойындарында топ жарған болатын.нда Қазақстан құрамасы кезекті алтын медалін жеңіп алды.

Каратэден +68 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Софья Берульцева финалда Таиланд өкілі Маниаан Бутсуванмен кездесіп, қарсыласын 8:0 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасының Аичи-Нагоядағы Азия ойындарындағы жүлде саны алтыға жетті. Ел қоржынында төрт алтын және екі қола медаль бар.

Бұған дейін тас жолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко, сондай-ақ каратэден Жоламан Биғабыл алтын медаль жеңіп алған еді. Триатлоннан Арлан Жаңабай және қазіргі бессайыстан Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу