Қазақстандық спортшылар Азиаданы сәтті бастады
Бүгінгі жарыс күнінінің қорытындысы бойынша құрамамыз жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты.
ашық дереккөзден
Қазақстан құрамасы Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы күнін нәтижелі аяқтады.
Бүгін, 20 қыркүйектегі жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 6 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын, екеуі қола жүлде.
Алтын медальді велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко, сондай-ақ каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева иеленді.
Қазақстан қоржынына қола медальдарды триатлоннан Арлан Жаңабай және қазіргі бессайыстан ерлер құрамасы салды.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-орынға орналасты.
Айчи-Нагоядағы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда мәресіне жетеді.