Азия Ойындары: Қазақстан үстел теннисінен Мальдив аралдарын жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия Ойындарында командалық жарыстағы екінші кездесуін өткізді.
ашық дереккөзден
Қазақстан құрамасы ХХ Жазғы Азия Ойындарында үстел теннисінен сынға түсуде. Аичи префектурасында (Нагоя қаласы) өтіп жатқан құрлық додасының әйелдер арасындағы командалық жарысының топтық кезеңінде Қазақстан Мальдив аралдарымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің алғашқы ойынында Жанерке Қошқұмбаева Али Фатиматтан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін Зәуреш Ақашева Назим Аишатты 3:1 есебімен жеңіп, есепті теңестірді.
Үшінші кездесуде Сарвиноз Миркадирова Нафиз Аишатты 3:0 есебімен ұтты. Шешуші ойында Зәуреш Ақашева Али Фатиматты 3:0 есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңісті алып берді.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі екінші кездесуінде 3:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін құрамамыз Кореяға 0:3 есебімен жеңілген болатын.
Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан намысын үстел теннисінен Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Искендер Харки, Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Қошқұмбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская қорғауда.