Санжар Әділов Азия Ойындарында ММА-дан қола медаль иеленді
Қазақстан қоржынында 4 алтын, 3 қола медаль бар.
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Қазақстандық спортшы Санжар Әділов Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ Жазғы Азия Ойындарында ММА-дан қола медаль жеңіп алды.
Әділов 65 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі ММА бойынша бақ сынады. Жартылай финалда ол Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола жүлдегер атанды.
Санжар Әділовтің жүлдесі Қазақстан үшін ғана емес, Азия ойындарының тарихы үшін де маңызды. Себебі ММА Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Жарыс дәстүрлі және заманауи ММА бойынша екі бағытта өтуде.
Айта кетейік, Сары құрлық бәсекесі 4 қазанға дейін жалғасады.