Бекзат Алмахан Тбилисиде жекпе-жек өткізеді
RKENA x PFL турнирі 17 қазанда Тбилиси спорт сарайында өтеді.
ашық дереккөзден
Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Бекзат Алмахан (12-4) мен Бахтияр Несіпбек (10-5-1) 17 қазанда Тбилисиде өтетін RKENA x PFL турнирінде өнер көрсетеді.
Бұрын UFC-де өнер көрсеткен Бекзат Алмахан жеңіл салмақта америкалық Абдул Камарамен (11-2) кездеседі. Бұл қазақстандық спортшының UFC-ден кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Алмахан UFC-де төрт кездесу өткізіп, бір кездесуде жеңіске жетсе, үш ойында жеңіліс тапты.
Бахтияр Несіпбек ең жеңіл салмақта ирандық Сейед Али Аслимен (5-2) күш сынасады. Қазақстандық файтер соңғы кездесуінде OCTAGON 70 турнирінде Елдан Сакеевті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
Айта кетейік, турнирде Бекзат Алмахан, Бахтияр Несіпбекпен қатар тағы 28 спортшы жарыс жолына шығады.