Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Азия Ойындарында топта бірінші орын алды
Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері Азия Ойындарында қарсылас шақ келтірер емес.
ашық дереккөзден
Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия Ойындарында үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтады.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов және Искендер Харкиден құралған ұлттық құрама Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 және Лаосты 3:1 есебімен жеңді.
Осы нәтижелердің арқасында қазақстандықтар өз тобында бірінші орынға ие болды. Енді команда ширек финалға жолдама алу үшін Бахрейн құрамасымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, үстел теннисінен Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Кореядан 0:3 есебімен жеңіліп, Мальдив аралдарын 3:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде отандастарымыз топта екінші орын алды. Қыздар ширек финал жолдамасы үшін Өзбекстан құрамасымен күш сынасады.