Айдос Ербосынұлы ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралады

Бұл туралы былғары қолғап шебері әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Айдос Ербосынұлы ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралады suleimen_promotions_official

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Спортшының мәлімдеуінше, оның келесі жекпе-жегі 6 қарашада Ресейдің Қазан қаласында өтеді. Дегенмен, қарсыласы әзірге белгісіз. 

«Оралатын сәт келді. Ұзақ үзілістен кейін 6 қараша күні шаршы алаңға қайта ораламын. Алла жазса, ең үлкен белестерді бағындыру - басты мақсатым. Қазан қаласында кездескенше!» - деді Айдос Ербосынұлы өзінің Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, 2022 жылғы 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Морреламен WBA Regular нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан. Жекпе-жектен кейін Ербосынұлы ауыр жарақат алып, Миннеаполис қаласында медициналық көмекке жүгінді. Оған ота жасалып, спортшы ұзақ уақыт бойы ем қабылдады.

Боксшының басынан өткен жағдайға қазақстандық жанкүйерлер алаңдаушылық білдірген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Айдос Ербосынұлына қолдау білдіріп, жеделхат жолдаған еді.

Енді қазақстандық боксшы төрт жылға жуық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралып, кәсіби мансабын жалғастырмақ.

 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу