Еркінғали Бүркіталин Азия Ойындарының чемпионы атанды
Азия Ойындарында Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы сынға түсуде.
Владислав Семенов
Қазақстан қоржынына XX жазғы Азия Ойындарындағы бесінші алтын медаль түсті. ММА шебері Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі стильдегі жарыста чемпион атанды.
Жапонияның Нагоя қаласында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдық кездесулері өтіп жатыр. 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Еркінғали Бүркіталин финалда Бахрейн өкілі Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, төрешілер шешімімен 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, ММА Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет Жапонияда енгізілді. Жарыс екі бағытта - дәстүрлі және заманауи ММА бойынша ұйымдастырылып отыр.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі ММА-дан қола медаль иеленген болатын.