Нұрқанат Әжіқанов Азия Ойындарында қола жүлдеге ие болды

Ел қоржыны 11-медальмен толықты.

Нұрқанат Әжіқанов Азия Ойындарында қола жүлдеге ие болды Арлан Олжабай

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылып жатқан бәсекеде спортшымыз кумите бағдарламасының 75 келіге дейінгі салмағында өнер көрсетті.

Әлем чемпионатының жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы Нұрқанат Әжіқанов үшінші орын үшін өткен кездесуде Филиппин өкілі Батиканды айқын басымдықпен жеңді. Қазақстандық каратэші қарсыласын 10:1 есебімен ұтты.

Бұған дейін Жапониядағы Азия ойындарында каратэден Қазақстан құрамасынан Софья Берульцева мен Жоламан Биғабыл алтын, Әсел Қанай күміс және Бэлла Самашева қола жүлдеге ие болған. 

Ал, жалпы есепте Қазақстандық спортшылар Азия Ойындарында әзірге 11 медаль жеңіп алды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу