Фарер аралдарымен матч алдында Қазақстан құрамасы сапында өзгерістер орын алды
Әлібек Қасым мен Ислам Чесноков жарақатына байланысты ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.
ашық дереккөзден
Қазақстан ұлттық құрамасының екі футболшысы Әлібек Қасым мен Ислам Чесноков жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыса алмайды.
Әлібек Қасым сырт алаңда өтетін Фарер аралдары мен Словакияға қарсы кездесулерде ұлттық құрама сапында ойнамайды. Ал өз алаңымызда Молдова және Фарер аралдары құрамаларына қарсы өтетін матчтарға қатысу мүмкіндігі футболшының жарақатынан қалпына келу барысына қарай кейін анықталады.
Ал Ислам Чесноков жарақатына байланысты ұлттық құраманың алдағы төрт кездесуіне де қатыса алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді. 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы, сондай-ақ 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер өтеді.
24 қыркүйек күні Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына жол тартады.