Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстан жастар құрамасымен кездесті

Дастан Сәтпаев 2 қыркүйекте Чемпионшиптің 4-туры аясында «Мидлсброға» қарсы матчта (1:1) жарақат алған.

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстан жастар құрамасымен кездесті ашық дереккөзден

Англияның «Бёрнли» клубында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Хай-Уикомде орналасқан Қазақстанның U-21 құрамасына арнайы барып, футболшылармен кездесті. Футболшыларымыз күзгі ойындар алдында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 

Дастан Сәтпаев жастар құрамасындағы бұрынғы командаластарымен жүздесіп, алдағы матчта сәттілік тіледі.

Қазіргі уақытта Сәтпаев ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Алайда жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды. ҚФФ мәліметінше, футболшы ем қабылдап, алаңға оралу үшін қалпына келу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 25 қыркүйекте сырт алаңда Англия U-21 құрамасымен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу