Алты алтын! Алексей Луценко Қазақстан тарихында жаңа рекорд орнатты
Алексей Луценко 15 жылдық спорттық мансабында Азия Ойындарында алты алтын медаль жеңіп алды.
ашық дереккөзден
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жеңіс Луценко үшін Азия Ойындарындағы алтыншы жүлде болды. Осылайша, ұлттық құрама тарихында жазғы Азия ойындарында ең көп алтын медаль жеңіп алған спортшы атанды.
Бұған дейін бұл рекорд Қазақстан құрамасының өкілі Константин Негодяевқа тиесілі еді. Ол Азия ойындарында бес рет чемпион атанған. Негодяев Хиросима-1994 ойындарында үш алтын, Бангкок-1998-де тағы екі алтын медаль жеңіп алған.
Қазақстандық велошабандоз бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Азия Ойындарында жекелей жарыста алтын медаль иеленген. Ал 2018 жылы Джакартада өткен Азия Ойындарында топтық жарыста да чемпион атанды. Сонымен қатар, оның қоржынында 2022 жылғы Азия Ойындарының топтық жарысындағы күміс медаль бар.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.