Сабыржан Аққалықов Азия Ойындарын 1/8 финалда аяқтады

Қазақстандық боксшы Оңтүстік Корея өкіліне жол берді.

Сабыржан Аққалықов Азия Ойындарын 1/8 финалда аяқтады ашық дереккөзден

Сабыржан Аққалықов Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарында 80 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдық жекпе-жегін өткізді.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сёнгпен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Сабыржан Аққалықов 5:0 есебімен басым түсті. Екінші раунд төрешілердің шешімі 2:3 есебімен Ким Мин Сёнгтың пайдасына шешілді. Алайда жекпе-жектің нәтижесінде төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Оңтүстік Корея боксшысына берді.

Осылайша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов Азия ойындарын 1/8 финал кезеңінде аяқтады. Енді Азия Ойындарында тағы 10 қазақстандық (5 ер, 5 әйел) былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. 

Айта кетейік, 21 қыркүйек басталған бокс бәсекелері 2 қазан күні мәресіне жетпек. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу