Төрехан Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

21 қыркүйек басталған бокс бәсекелері 2 қазанға дейін жалғасады.

Төрехан Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті ашық дереккөзден

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарында бокс бәсекесі жалғасып жатыр.

70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорған әлем чемпионы Төрехан Сабырхан жарыстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз 1/8 финалда Катар өкілі Мұхаммед Дбичимен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында Төрехан Сабырхан басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Төрехан Сабырхан Азия ойындарындағы жүлде жолындағы күресін жалғастырады. Оның ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Азия Ойындарында Ұлттық құрама сапынан Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда жарыс жолын аяқтаған болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу