Алуа Балқыбекова Азия Ойындарының ширек финалына шықты
Алуа Балқыбекова ширек финалда Юна Нишинакамен кездеседі.
ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарында 1/4 финалға жолдама алды.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Үндістан өкілі Сакши Чаудхаримен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Алуа Балқыбекова Азия ойындарының ширек финалына өтті. Ол келесі жекпе-жегін 28 қыркүйек күні өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы - Жапония өкілі Юна Нишинака.
Ал, ертең 25 қыркүйек күні сағат 13:00-де Қазақстан құрамасының атынан Назым Қызайбай мен Оразбек Асылқұлов шаршы алаңға шығады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұлттық құрама сапынан Төрехан Сабырхан 1/8 финалда Катар өкілі Мұхаммед Дбичиді жеңіп, ширек финалға жолдама алса, Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда жарыс жолын аяқтаған болатын.