Шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанмен тең түсті
Сегіз турдан кейін турнир кестесінің көшін Қытай құрамасы бастап келеді.
ашық дереккөзден
Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының сегізінші турында Үндістан құрамасымен тең ойнады.
Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қазақстандық шахматшылар матч барысында жеңіске жақын болғанымен, Үндістан құрамасы төртінші тақтадағы нәтиже арқылы есепті теңестірді.
Бірінші тақтада Бибісара Асаубаева қара фигуралармен Конеру Хампимен тең түсті. Екінші тақтада Алуа Нұрман ақ фигуралармен Вайшали Рамешбабуды жеңді.
Үшінші тақтада Меруерт Камалиденова Дивья Дешмухпен ұпай бөлісті. Ал төртінші тақтада Эльназ Қалиахмет ақ фигуралармен Савитха Шриге есе жіберді. Осы нәтиже Үндістанға матчтағы есепті 2:2-ге жеткізуге мүмкіндік берді. Осылайша құрамамыз 1 ұпайға ие болды.