Ислам Сәтпаев Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды

Мерген Ислам Сәтпаев Қазақстан қоржынына ХХ жазғы Азия Ойындарының кезекті медалін салды.

Ислам Сәтпаев Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды ашық дереккөзден

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия Ойындары жалғасуда.

Ерлер арасында винтовкамен 50 метр қашықтықтан үш позицияда оқ ату сайысында Ислам Сәтпаев қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық мерген финалда 348,3 ұпай жинап, үшінші орыннан көрінді.

Бұл бәсекеде Қытай спортшылары алтын және күміс медальдарды өзара бөлісті.

Ислам Сәтпаев үшін бұл Азия Ойындарындағы жүлде халықаралық аренадағы кезекті жетістігі болды. Ол Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиадада 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен аралас командалық жарыста қола медаль жеңіп алған еді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу