Азия Ойындары: Екі боксшымыз шаршы алаңға шығады
Биыл Азиадада 11 қазақстандық боксшы ел намысын қорғауда.
ашық дереккөзден
Бүгін, 25 қыркүйекте Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия Ойындарында Қазақстанның екі боксшысы жекпе-жек өткізеді.
Әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы Назым Қызайбай 1/8 финалда Қытай өкілі Сюань Чжаомен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.
Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асқылқұлов 1/8 финалда Оңтүстік Корея боксшысы Дон Хван Чанмен жұдырықтасады. Бұл кездесу сағат 14:00-де өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Төрехан Сабырхан 1/8 финалда Катар өкілі Мұхаммед Дбичиді жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алған болатын. Ал Сабыржан Аққалықов 80 келіге дейінгі салмақта Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сёнгтен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Әйелдер арасында 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова да ширек финалға өтті.