Қазақстан Азия Ойындарында медальдар кестесінде төртінші орында келеді
Алтыншы жарыс күні қазақстандық спортшылар бес қола жүлде жеңіп алды.
ашық дереккөзден
Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарының алтыншы жарыс күнінен кейін медальдар кестесінде төртінші орында тұр.
Ұлттық құрама қоржынында 30 медаль бар: 8 алтын, 8 күміс және 14 қола.
Медальдар кестесінде Қытай 98 алтынмен көш бастап келеді. Екінші орында - 28 алтыны бар Жапония, үшінші орында 13 алтын иеленген Оңтүстік Корея.
Қазақстаннан кейін Өзбекстан орналасқан. Көрші елдің жалпы медалі біреуге көп болғанымен, алтын саны Қазақстаннан аз.
Бүгін спортшыларымыз ел қоржынына бес қола медаль салды. Жеңіс тұғырына жеңіл атлеттер Полина Иванова мен Алина Чистякова, мерген Ислам Сәтпаев, семсерлесуден әйелдер құрамасы және 500 метрге байдаркадан командамыз көтерілді.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық былғары қолғап шеберлері де ел намысын қорғады. Өкінішке қарай кездесудің фавориті саналған Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы Назым Қызайбай 1/8 финалда Қытай боксшысы Ксуан Жаоға 4:1 есебімен жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов кореялық Донгуан Жангтан 4:1 есебімен жеңіліп қалды.
Азия Ойындары 4 қазанда аяқталады.