Қазақстан U-17 құрамасы Өзбекстанды жеңді

Бүгінгі кездесудің басты қаһарманы хет-трик авторы - Ануар Төленді.

Қазақстан U-17 құрамасы Өзбекстанды жеңді ашық дереккөзден

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Шымкентте өткен жолдастық кездесуде Өзбекстан U-17 командасын жеңді.

Негізгі уақыт тартысты өтіп, командалар 4:4 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасының сапында Ануар Төленді хет-трик жасаса, Салим Хасанов бір голдың авторы атанды.

Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Онда қазақстандық футболшылар 5:4 есебімен басым түсті.

Командалар арасындағы екінші матч 28 қыркүйекте өтеді. Қазақстан U-17 құрамасы 2 және 5 қазанда Ресей жасөспірімдер құрамасымен де екі жолдастық кездесу өткізеді.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан уақытымен 23:00-де Қазақстан U-21 құрамасы Вулверхомптон қаласында Мольинью стадионында Англия жастарына қарсы алаңға шығады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу